×
515.97
537.8
5.25
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
515.97
537.8
5.25

«Ақшаны басып шығара берейік»: Ұлттық банк ұсынысқа жауап берді

06.02.2025, 10:12
«Ақшаны басып шығара берейік»: Ұлттық банк ұсынысқа жауап берді
Ulysmedia коллажы

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов депутат Серік Егізбаевтің аграршылардың мәселесін шешу үшін "станоктан ақшаны басып шығара берейік" деген ұсынысына жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“АҚШАНЫ БАСЫП ШЫҒАРАЙЫҚ”

Мәжіліс депутаты Серік Егізбаев күні кеше өзінің депутаттық сауалында аграршыларға ақша жетпей жатқанын айтқан. Оның айтуынша, мемлекеттің фермерлер алдындағы міндеттемелерін орындаудағы қаражаттың жетпейтіні жүйелі проблемаға айналған. "Үкімет пен ұлттық банкке ақша массасының эмиссиясын ұлғайту үшін батыл әрі ерекше шешім қабылдауды немесе жай ғана ауыл шаруашылығының өндірілген жалпы өнімінің көлемі үшін баспа станогын қосуды (ақша үшін) және аграрларға қалыпты жұмыс істеу үшін жағдай жасауды ұсынамыз. Үкіметтің фермерлерді субсидиялау саясатынан қол жетімді несиелеу саясатына көшуі шеңберінде бұл тәсіл фермерлерге жаңа экономикалық жағдайларға ауыртпасыз бейімделуге көмектеседі" деді депутат.

БҰЛ – ШЕШІМ ЕМЕС

Бүгін сенат кулуарында журналистер осы мәселе жөнінде Ұлттық банк төрағасы Ақылжан Баймағамбетовтың пікірін сұраған. 

Ақшаны басып шығара беру – одан бетер инфляцияны туғызады. Кедейлерге салық халықтың ең қорғалмаған бөлігіне үлкен соққы жасайды. Еңбектен табысы бар азаматтардың ақшасы құнсызданады. Сол себепті мұндай ұсыныс түскенде дұрыстап ойлану керек. Бұл шешім емес, – дейді Баймағамбетов.

СУБСИДИЯ АЛЫНЫП ТАСТАЛАДЫ

Бұған дейін ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров фермерлерді жеңілдікпен қаржыландыру ережелеріндегі өзгерістер енгізілетінін айтқан еді. Оның сөзінш, шаруаларға бұдан былай субсидияның орнына жеңлі несие беріледі. Сапаровтың әдетте субсидияға бөлінген қаражаттың 50% банктердің немесе қаржы институттарының пайыздық мөлшерлемелері сияқты қаржы құралдарына бағытталып келген. “Енді субсидиясыз, 5% жеңілдетілген қаржыландырумен береміз” дейді ол.