PaperLab ғылыми-зерттеу орталығы әлеуметтік сауалнама жүргізіп, нәтижесінде көптеген алматылық мегаполисті кім басқаратынын білмейтінін анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Орталық директоры Серік Бейсембаев “Алматылықтардың қала мен қала билігінің мәселелері туралы түсінігі” деген тақырыпқа сауалнама жүргізген. Нәтижесін “Гиперборей” Youtube-арнасына ұсынған.
ӘКІМ КІМ
Зерттеу нәтижесіне сәйкес, сауалнамаға қатысқан алматылықтардың 42%-ы қала әкімінің кім екенін білмейді. Респонденттердің 57 пайызы ғана Ерболат Досаевты танитын болып шықты. Қалғаны қала әкімінің аты-жөнін білмейді.
АЛМАТЫДА ӨЗГЕРІС БАР МА
Сауалнамаға қатысқан адамдарға қала 2022 жылдан бері өзгерді ме деген сұрақ қойылған – сол жылы Досаев қаланы басқаруға келген. Респонденттердің жартысына жуығы “өзгеріс жоқ” деп айтқан.
21%-ы жағдай жақсармағанын, керісінше нашарлап кеткенін айтқан. Зерттеуге қатысқандардың 16 пайызы ғана қалада оң өзөгерістер байқалғанын айтқан.
ДОСАЕВ
Еске салайық, Ерболат Досаев Алматының 2022 жылдан бері басқарып отыр.
ҚАЛАДАҒЫ АУА САПАСЫ
Бұған дейін Алматыда ауаның ластану деңгейі ДДҰ нормасынан 5 есе жоғары болып шыққанын жазған едік.