×
515.31
533.96
5.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
515.31
533.96
5.3

Қайтарылған активтер есебінен Жетісу облысында 1,4 млрд теңгеге мектеп салынады

Бүгін, 09:28
Қайтарылған активтер есебінен Жетісу облысында 1,4 млрд теңгеге мектеп салынады
Үкімет

Үкімет арнайы мемлекеттік қордан Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Көксай ауылында жаңа мектеп салу үшін 1,4 млрд теңге қаржы бөлді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МЕКТЕПКЕ ЗӘРУ АУЫЛ

Қазір елді мекенде жалғыз мектеп жұмыс істеп тұр, онда екі ауысымда 53 бала білім алып жатыр. Сонымен қатар білім ошағында спорт және акт залдары, асхана жоқ, пәндік кабинеттер жетіспейді. Жаңа мектеп 60 орынға арналған. Ғимарат заманауи білім беру стандарттарына сәйкес жабдықталған. Нысанның құрылысы білім берудің қолжетімділігі және мектептегі орын тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді: қазір ауылда 7 жасқа дейінгі 28 бала тұрады. 

58 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

Бүгінгі таңда Үкімет әлеуметтік маңызы бар нысандар салуға Арнайы мемлекеттік қордан 58 млрд теңге бөлді. Атап айтқанда, 5 мектеп, оның ішінде бір музыкалық, 2 спорт кешені, көпфункционалды аурухана кешені, жатақхана, 2 балабақша және жедел медициналық көмек көрсету стансасы бар. «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң субъектілері есебінен Арқалық, Астана, Алматы қалаларында бірқатар әлеуметтік инфрақұрылым нысаны салынп жатыр.