×
515.31
533.96
5.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
515.31
533.96
5.3

Қазақстанда халықтың банктерге қарызы 20,7 трлн теңгеге жетті

Бүгін, 15:07
Қазақстанда халықтың банктерге қарызы 20,7 трлн теңгеге жетті
Ulysmedia коллажы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстанның банк секторының жай-күйі жайында мәліметті жаңартты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ХАЛЫҚҚА БЕРІЛГЕН НЕСИЕ

Көп есептің ішінде халыққа берілген несиелер назар аудартады. 2023 жылы 26,7%-дық өсіммен салыстырғанда бәсеңдеп, 2024 жылы 23,9%-ға ұлғайып, 20,7 трлн теңгені құраған. 

ИПОЕТКА

Халыққа берілетін кредиттер құрылымында ипотекалық кредиттер 2024 жылы 14,5%-ға 6,1 трлн теңгеге дейін өсті. Ипотекалық портфельдегі нарықтық бағдарламалардың үлесі 2023 жылмен салыстырғанда 26,6%-дан 30,2%-ға дейін ұлғайды.

ТҰТЫНУШЫЛАРҒА ҚАРЫЗ

2024 жылы тұтынушылық қарыздар 2023 жылғы 34,2%-дан баяулап, 33,5%-ға 13,8 трлн теңгеге дейін өсті (2024 жылғы желтоқсанда 1,9%-ға өсім).

2024 жылы желтоқсанда бизнес субъектілеріне ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 19,7%-ды (2023 жылғы желтоқсанда – 19,6%), халыққа – 17,0% (2023 жылғы желтоқсанда – 16,8%) құраған.