ШАҒЫМ
Елорда тұрғындары әлеуметтік желілерде наразылықтарын айтып, қалада қатты аяз болып тұрғанын, сондықтан 1-4 сынып оқушыларын қашықтан оқыту форматына ауыстыруға болатынын айтты.
САБАҚ ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙДА ОНЛАЙН БОЛАДЫ
Астана қаласының Білім басқармасы балалар мен жасөспірімдер ауа райы төмендегідей болған жағдайда сабақтар тоқтатылатынын айтты:
- Минус 25–29 градус және төмен, жел секундына 2–4 метр болғанда – 0–4 сыныптар үшін.
- Минус 25–29 градус және төмен, жел секундына 5 метр және одан жоғары болғанда – 0–9 сыныптар үшін.
- Минус 30–34 градус және төмен, жел секундына 2–4 метр болғанда – 0–9 сыныптар үшін.
- Минус 30–34 градус және төмен, жел секундына 5 метр және одан жоғары болғанда – 0–11 (12) сыныптар, колледждердің 1–2 курс студенттері үшін.
- Минус 35 градус және төмен, жел секундына 2 метр және одан жоғары болғанда – 0–11 (12) сыныптар, колледждердің 1–2 курс студенттері үшін.
- Боран күшейіп, жел секундына 10 метр және одан жоғары болып, көріну қашықтығы нашарлағанда – 0–11 (12) сыныптар, колледждердің 1–2 курс студенттері үшін.