×
506.43
522.43
5.28
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
506.43
522.43
5.28

Сексистік сөз айтып, еврейлерге тіл тигізген: Британияда министр қызметінен кетті

09.02.2025, 14:27
Сексистік сөз айтып, еврейлерге тіл тигізген: Британияда министр қызметінен кетті
Ulysmedia коллажы

Британияның денсаулық сақтау министрі Эндрю Гвин расистік және сексистік сөздері үшін қызметінен кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Mail on Sunday басылымына сілтеме жасап.

СЫНҒА НЕ ҮШІН ІЛІКТІ

Басылымның жазуынша, министр WhatsApp-топта премьер-министрдің орынбасары Анджел Рейнерге сексистік сөз жазған. 

Сондай-ақ лейбористік партиядан ел парламентіндегі алғашқы қара нәсілді әйел – депутат Дайан Эбботтқа расистік сөздер жазған.

Саясаткер еврейлерді қорлаған дейді басылым. Журналистер сонымен 72 жастағы әйелге Гвиннің жауабы қызу талқыланып жатыр. Зейнеткердің өтінішіне министр "сайлау басталғанға дейін зейнеткердің өліп қалар деген үміттемін" деп жазған.

ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТТІ

Ақпарат көпшіліктің наразылығын туғызған кезде Гвин өзінің "дұрыс бағаланбай айтылған" сөздеріне өкінетінін жеткізіп, (!) түсініктеме жазып, кешірім сұрады. Алайда қызметінда қалмады. Лейбористер оның партияға мүшелігін тоқтатты.