×
510.06
566.32
6.32
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.06
566.32
6.32

Fly Arystan-да тағы шу: жолаушылар сапарынан қалып кеткен

09.02.2025, 16:20
Fly Arystan-да тағы шу: жолаушылар сапарынан қалып кеткен
скриншот

Әуе компаниясына байланысты шыққан шудың видеосын әлеуметтік желіде журналист Асхат Ниязов жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Асхат Ниязов Fly Arystan әуе компаниясының қызметкері мен жолаушылар айтысып жатқанын көруге болады.

12 адам өз бортымен ұша алмай қалды, – деп жазды Асхат Ниязов желіде.

Ulysmedia.kz әуе компаниясының әлеуметтік желідегі парақшасына жазып, осы оқиға бойынша түсіндірме беруді өтінген. Ол жерде аталған сұрақ бойынша электронды поштаға үндеу қалдыруға кеңес берді.

ДЕПУТАТТАРДЫҢ СЫНЫ

Парламент мәжілісінің депутаты Бақытжан Базарбек бұған дейін FlyArystan әуекомпаниясын қатаң сынға алған еді. Депутат әуе компаниясының бағасын тексеруге кірісетінін айтқан. 

Ал депутат Асқар Садықов «Air Astana» әуе компаниясына тиесілі ұшақтардың Қазақстанда емес, Ирландияда тіркелгенін айтып, бұрынғы Премьер-министр Әлихан Смайыловқа депутаттық сауал жолдаған. Яғни депутат әуе компаниясының басшысы Питер Фостердің Қазақстанда тапқан ақшасын Лондонда жұмсайтынын айтып, мәселе ккөтерген.

Көлік, жол мәселесі талқыланған мәжіліс отырысында депутат Еділ Жаңбыршин Эйр Астана басшысы Питер Фостерге ашуын төккен еді. Әуе компаниясын сынап сөйлеген кезінде Фостердің күлуі депутаттың ашуына тиген.

Серіктес жаңалықтары