×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

«Қазақстанда тапқан ақшасын Лондонда жұмсайды»: Депутаттар Фостерге шүйлікті

Фото: Air Astana баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаты Асқар Садықов «Air Astana» әуе компаниясына тиесілі ұшақтардың Қазақстанда емес, Ирландияда тіркелгенін айтып, Премьер-министр Әлихан Смайыловқа депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл дегеніміз Қазақстан ұлттық тасымалдаушының меншігіне бақылау жүргізе алмайтынын білдіреді. Сонымен қатар жақында Air Astana президенті Питер Фостер компания өз кемелерін Қазақстанда тіркеуді жоспарлап отырған жоқ деп мәлімдеді, - деді ол Мәжілістің жалпы отырысында.

Депутат «Air Astana» басшылығының еуропалық тіркеуден өткеннен кейін ғана әуе компаниясына батыс елдеріне ұшуға мүмкіндік береді деген уәждеріне негіз жоқ деп санайды. Сондай-ақ компанияның құрылғанына ширек ғасыр уақыт өткенін және осы екі онжылдықта Азаматтық авиация комитеті барлық қажетті мәселелерді әлдеқашан пысықтауы керек екенін айтты.

Мемлекетіміздің инвестициясы мен азаматтардың қымбат авиабилеттерді төлейтін ақы төлейтін салымдары есебінен қалыптасқан бизнесті кім басқарады деген сұрақ туындайды. Егер әуе паркінің  негізгі активтері бастапқыда басқа елге жатқызылса, Қазақстан мүддесінің кепілі қандай? – деді Асқар Садықов. 

Депутат мұнымен қоймай «FlyArystan» әуе компаниясын тәуелсіз компанияға айналдыру мәселесін де ортаға салды. Бір күн бұрын Air Astana президенті Питер Фостер FlyArystan ұлттық компанияның құрамынан шығарылмайтынын мәлімдеген болатын.

Асқар Садықов осы орайда Шымкенттің экс-әкімі Ғадидолла Әбдірахмановтың әйгілі «офоризмін» еске салды:

Сарапшылар Ирландияда әуе кемелерін тіркеудің тағы бір себебі ретінде осы юрисдикцияның ықтимал салықтық артықшылықтарын атайды. Дегенмен, біз ұлттық тасымалдаушы өз елінде салық төлеуден жалтармауы керек деп санаймыз. Әйтпесе, бұл «Қазақстанда ақша тауып, бірақ Лондонда жаратуға» кеңес берген белгілі бір шенеуніктің кеңесін жүзеге асыру сияқты, деді ол.

Серіктес жаңалықтары