×
510.49
527.29
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.49
527.29
5.27

«Чекті көріп жағамды ұстадым»: жұртшылық жарық пен су қымбаттағанына шағымдануда

10.02.2025, 08:12
«Чекті көріп жағамды ұстадым»: жұртшылық жарық пен су қымбаттағанына шағымдануда
Ulysmedia коллажы

2025 жылдың 1 ақпанынан бастап Қазақстанда электр энергиясы мен суға тарифтерінің бағасын көтеретін өзгеріс күшіне енді. Алайда табиғи монополияларды реттеу комитеті тұрғындар төлемдегі өзгерістерді наурыз айында ғана байқауға тиіс еді деп есептейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алайда Алматы тұрғындары коммуналдық төлемдердің күрт өскенін қазірден байқаған. Бұған дейін ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов тарифтердің өсімі аз болатынын айтқан еді. Алайда қазақстандықтардың төлемдеріне қарағанда, шоттар айтарлықтай өскен.

Бүгін мен түбіртек алдым — жағамды ұстадым! Желтоқсан айында суық су үшін 6 200 теңге, ал ақпан айында 15 400 теңге шықты. Біздің пәтерде бес адам бар, бұлай төлейтіндей суды көп пайдаланбаймыз, - деп шағымданады Алматы қаласының тұрғыны.

“Біздің жеке үйіміз бар, коммуналдық төлемдер қазір интернетпен 30 000 теңгеге дейін жетеді. Бұл көмір мен отын шығындарын есепке алмағандағы баға. Бұрын су үшін мыңнан астам, ал қазір тоғыз мыңнан астам төлейтін едік” деп жазады тағы бір алматылық.