Әнші Ерке Есмахан тележүргізуші Асхат Садырбайдан ұлына ешқандай алимент алмайтынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі оқырмандарының сұрағына жауап беру айдарында (Instagram stories) айтты.
“ЕШҚАШАН АЛИМЕНТ АЛМАДЫМ”
- 35 мың алимент алатының рас па, Ерке? - деп сұрады оқырманы.
Ерке алиментке арыз жазбағанын айтты.
- Алиментке арыз жазбағам, алимент алмағам. Ешқашан көмек сұрамағанмын. Бала өз несібесімен туылады деп, Алла жар болсын деп, жұмыс істеп, өзім өсірдім. Нағашылары бақты, қақты. Отау құрған соң күйеуім Мүслімді бірден қасымызға алды. Одан кейін не киеді, не ішеді деп ойламадым, дейді Ерке Есмахан.
ЕРКЕ МЕН АСХАТ
Айта кетейік, әнші Ерке Есмахан мен тележүргізуші Асхат Садырбай 2011 жылдың 8 тамызында неке қиған болатын. Алайда екі жылдан соң жұп ажырасты. Бұл некеден Мүслім деген ұлы бар.
АЙЫППҰЛ АРҚАЛАҒАН БОРЫШКЕРЛЕР
Еске салайық, былтыр алимент төлемегені үшін 145 борышкер 5 күнге дейін әкімшілік қамаққа және 78 борышкер айыппұл төлеу туралы әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Сот орындаушылардың борышкерлерді белсенді жауаптылыққа тартуына прокурорлық актілердің енгізілуі өз үлесін қосып жатқаны айтылды.
Жыл басынан алимент өндіру үшін заңда қарастырылған атқарушылық әрекеттерін жүзеге асырмаған 70 астам сот орындаушысы прокурорлық актілер негізінде тәртіптік жауаптылыққа тартылған.