Ел ішінен айыппұл жинауға бекінген полиция қызметкерлері жазаланғанын ішкі істер министрлігі хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.
“ХАТТАМА ТОЛТЫРЫҢДАР”
Бұған дейін аталған мәселені мәжілісте депутаттар көтерген еді.
Біз келтірген әлеуметтік желілердегі сілтемеде, әрбір аудандық ішкі істер бөлімдері күніне кемінде екі жүз айыппұл, ал кезекшілікке шыққан әрбір полицей күніне кемінде бес айыппұл салуы тиіс деген тапсырмалар айтылған бейнежазба бар. Соңынан мұндай дауыстық және бейне хабарламалар бірнеше рет пайда болып, азаматтардың таңдануы мен әділ наразылығын тудырды. Мұндай талаптар заңға қайшы келеді, азаматтардың құқықтарын бұзады және Конституцияға да қайшы деп санаймыз, – деген еді Ақ жол депутаттары.
Алайда ішкі істер министрлік өкілдері, әкімшілік хаттамалар толтыруға нақты саның белгілеп, тапсырма беру практикасын жоққа шығарған. Ал депутаттар тelegram әлеуметтік желісінде, полиция қызметкерлері көлікті тоқтатып хаттама толтырып тұрған кезде инспектордың рациясынан «әкімшілік хаттамаларды рәсімдеу бойынша жұмысты барынша күшейту» туралы командасы анық естілген.
ІІМ НЕ ДЕЙДІ
Ішкі істер министрінің берген жауабына сәйкес, сауалнамада аталған бейнежазбалар Алматы қаласы және Жамбыл облысы полиция департаменттерінде орын алған. Ішкі істер министрлігі аталған фактілер бойынша уақтылы қызметтік тексерістер жүргізіп, қызметтік тексеріс нәтижелері бойынша кінәлі қызметкерлер қатаң жауапкершіллікке тартылған.
«Өз кезегінде Ішкі істер министрлігі өз тарапынан құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша қандай да болжамдар қоймайды. Полиция қызметкерлері қызмет барысында барлық құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидаты щеңберінде көңіл аударады. Құқық бұзушылықтардың басым бөлігі Жедел басқару орталықтары камераларының және автоматтандырылған жүйелермен анықталады», – дейді ІІМ.