Астанадағы жаңа пәтерлер 2022 жылдың күзінен бері күрт қымбаттап кетті. Ал қайта сатылатын пәтерлердің бағасы біршама қалыпты түрде өзгерді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
СТАТИСТИКА
Ресми статистикаға сәйкес, 2024 жылдың қаңтарында бастапқы нарықтағы тұрғын үй бағасы желтоқсанмен салыстырғанда 1,7%-ға өсті.
- Бұл 2022 жылдың қарашасынан бергі ең үлкен айлық өсім. Қайта сату нарығында бағаның өсуі біршама қалыпты – 1,4% м/м. Ал жалға беру бағасы, желтоқсанда 6,1%-ға өскен. Қаңтарда да баға көтерілді, бірақ қарқын сәл баяу – 3,4%”, деп жазады Бірінші кредиттік бюро сарапшылары.
АЛМАТЫДАҒЫ ЖАҒДАЙ
Алматыда тұрғын үйді жалға алу бағасы қымбаттады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда екінші нарықтағы тұрғын үйдің орташа бағасы 516 203 теңге/м² жеткені хабарланған.