×
499.76
521.7
5.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.76
521.7
5.63

Қазақстан мен Ресей бірлесіп тағы бір жобаны іске асырмақ

Қазақстан мен Ресей бірлесіп тағы бір жобаны іске асырмақ
Ашық дереккөзден

Қазақстан және Ресей Каспий қайраңындағы ірі мұнай-газ кен орындарын бірлесіп игерумен, мұнай транзитімен айналысады және электр энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты тереңдетеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“ҚАЛАМҚАС-ТЕҢІЗ” ЖОБАСЫ

2026 жылы Қазақстан верфтерінде “Қаламқас-теңіз” жобасына арналған теңіз платформаларын салу басталады. “Лукойл” мен “ҚазМұнайГаз” арасындағы келісім 2023 жылғы наурызда жасалған.

Бұл жоба Қазақстанға 6 миллиард АҚШ долларынан астам тікелей инвестиция тартуға мүмкіндік береді.

“Лукойл” компаниясының қатысуы – жобаның негізгі факторларының бірі болды. Өйткені оның портфелінде осындай ауқымды жобаларды табысты жүзеге асыру тәжірибесі бар. Бұған дейін бұл жоба бірнеше жыл бойы іске қосылуын күткен болатын, себебі теңіз қайраңындағы кен орындарын игеру үшін ерекше технологиялар қажет.

ЖЭО іІСКЕ ҚОСУ

2027 жылы Семей және Көкшетау қалаларында жаңа жылу электр станциялары (ЖЭО) іске қосылады. Бұл нысандарды салу туралы Қазақстан мен Ресей бір жыл бұрын келісімге келген. Ал Өскемендегі үшінші ЖЭО 2030 жылы пайдалануға берілуі мүмкін.

Жалпы алғанда, бұл станциялар республикаға 1 ГВт-тан астам жаңа генерациялық қуат береді.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ АЭС

2025 жылғы мамыр-маусым айларында Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясының (АЭС) құрылысын жүргізетін мердігер компания таңдалады.

Басты үміткерлердің бірі – “Росатом” корпорациясы. Бұл компанияның ұсынған жобасы сенімділікке тексерілген, себебі осы типтегі реакторлар әлемнің әртүрлі елдерінде сәтті жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, бұл жоба “толық аяқталған кешенді шешім” ретінде қарастырылады.

Қазақстанда алғашқы АЭС құрылысы басталғаннан кейін, елдегі ядролық кластерді дамыту аясында екінші атом электр станциясының құрылысы қолға алынады. ҚР Энергетика министрлігінің мәліметінше, екінші АЭС салу мәселесі бойынша референдум өткізілмейді.