×
510.49
527.29
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.49
527.29
5.27

Мына функцияны тексермесеңіз наурызда телефоныңыз істемей қалуы мүмкін

Мына функцияны тексермесеңіз наурызда телефоныңыз істемей қалуы мүмкін
Ашық дереккөзден

Смартфоныңыздағы маңызды функцияны тексермесеңіз 2025 жылғы наурыздан бастап телефоныңыз істемей қалуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Bailanys сарапшылары жазды. 

ЖАҢА ЕРЕЖЕ

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жаңа ереже бекіткен. 2025 жылдың 24 наурызынан бастап күшіне енетін өзгерістерге сәйкес, елде смартфондардың “қара тізімі” пайда болады.

ЕРЕЖЕ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

  1. Идентификациялық кодтар базасының операторы (БДИК) құрылғылардың ұялы байланыс желілерінде заңды түрде қолданылуын тексереді.
  2. Егер құрылғы ресми дүкеннен сатып алынып, барлық салықтар мен кедендік төлемдер төленген болса, ол “ақ тізімге” енеді.
  3. Егер құрылғының шығу тегі күмән тудырса (мысалы, IMEI-код қайталанса), оны “сұр тізімге” енгізеді. Пайдаланушыға 30 күн ішінде мәселені шешуге уақыт беріледі. “Ақ тізімге” қосылу үшін заңды сатып алынғанын растайтын құжаттар ұсынылуы керек.
  4. Егер телефон қолдан жасалған немесе ұрланған болса, ол “қара тізімге” енгізіледі және байланыс желілеріне қосыла алмайды.

МАҢЫЗДЫ

Тексеріс тек жаңа смартфондарға ғана емес, қазірдің өзінде қолданылып жүрген құрылғыларға да қатысты.

Bailanys дереккөздерінің айтуынша, бұл өзгерістер 2022 жылғы “Қаңтар” оқиғасынан кейін қолға алынған. Сол кезде дүкендер мен ұялы операторлардың кеңселерінен жүздеген телефон ұрланған. Бұл құрылғылар қайталама нарыққа тарап, әлі күнге дейін арнайы сайттарда сатылып жатыр. Жаңа ереже телефон саудасын заңдастыруға, сатып алушыларды қорғауға және ұрланған техника айналымын азайтуға бағытталған.

МЫСАЛ

Қолданылған смартфонды сатып алу да қауіпті. Телеграм арна оқырмандарының бірі бұған көз жеткізген: ол әйеліне смартфонды қолдан сатып алған. Бірақ екі аптадан кейін дүкеннен қарызды өтеу туралы ескертулер келіп түсе бастаған. Бұл телефон несиеге сатып алынып, қарызы өтелмей тұрып қайта сатылған болып шыққан.

МҰНДАЙ ЖАҒДАЙҒА ТАП БОЛМАС ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК

  1. IMEI-кодты тексеріңіз: *#06# комбинациясын теріп, смартфоныңыздың кодын ашық дерекқордан тексеріңіз.
  2. Тек ресми сатушылардан сатып алыңыз: Иә, бағасы сәл қымбат болуы мүмкін, бірақ қауіпсіздік пен кепілдік бар.

- Ұрланған құрылғыларды сату мәнін жоғалтады, ал смартфондар нарығы заңды әрі ашық болады. Егер бәрі сәтті жүрсе, Қазақстанда тіпті ресми Apple Store ашылуы мүмкін, дейді Bailanys сарапшылары.