Қарағандыда полиция көлігі жаяу жүргіншілер өткелінде бойжеткенді қағып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Оқиға Интернационалист жауынгерлер көшесінде болған. Екі көлік ағыны жаяу жүргіншілерді өткізу үшін тоқтаған, бірақ Қарағанды облысының полиция департаментінің көлігі оларды қарсы жолақпен айналып өтіп, бойжеткенді қағып кеткен, деп жазады ПАТРИОТ.
Оқиға кезінде шұғыл қоңырауды көрсететін сиреналар мен дыбыстық сигнал қосылмаған.
ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ
Бүгін сағат 14.30-да патрульдік полиция экипажы соқтығыстан қашып, жаяу жүргінші 22 жастағы бойжеткенді соқты. Ол медициналық мекемеге жеткізілді. Жүргізушіге қатысты әкімшілік материал жасалып, сотқа жіберілді, - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Бұған дейін полиция экипажы Семейде апатқа ұшыраған болатын.