×
510.49
527.29
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.49
527.29
5.27

«ЛГБТ ұйымдары жабылсын»: Қазақстанда жаңа петиция жарияланды

Бүгін, 19:20
«ЛГБТ ұйымдары жабылсын»: Қазақстанда жаңа петиция жарияланды
Ашық дереккөзден

Қоғам белсенділері Қазақстанда USAID (АҚШ Халықаралық даму агенттігі) ұйымының қызметін тоқтатуды және ЛГБТ қауымдастығын қаржыландыратын ұйымдарға заң жүзінде тыйым салуды талап етті. Петиция Мәдениет және ақпарат министрлігіне бағытталған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА ҚАЙШЫ

Белсенді Бағила Балтабаеваның айтуынша, USAID Қазақстанда 1992 жылдан бері түрлі әлеуметтік жобаларға қаржы бөліп келеді, алайда олардың кейбірі ұлттық құндылықтарға қайшы бағытта жүргізілген. Оның мәліметінше, 2001-2024 жылдар аралығында осы мақсатқа бөлінген қаржы көлемі 2,07 млрд долларды құраған. Балтабаеваның сөзінше бұл қаражаттың белгілі бір бөлігі ЛГБТ ұйымдарына және оларды қолдайтын бастамаларға бағытталған.

“Сол сияқты Қазақстан мемлекетінде азғындық бағытында жұмыс жасап келген USAID (АҚШ Халықаралық даму агенттігінің) ұйымының жабылуына АҚШ Президенті Дональд Трамптың өзі бұйрық берді. Бұл ұйым өз қызметін барлық мемлекеттерде тоқтатып жатыр. Мысалы таяуда Әзірбайжан USAID-тың қызметіне тыйым салды”,- дейді белсенді Бағила Балтабаева. 

ҚАЙ ҰЙЫМДАР АҚША АЛҒАН?

Белсенділердің мәлімдеуінше, шетелдік ұйымдардың қызметі мемлекеттік бақылауға алынуы керек, сонымен қатар қатар, "Фонд Сорос – Казахстан", "Норвежский Хельсинский Комитет", "Фонд имени Фридриха Эберта", "ILGA-Europe", "Фонд Евразия Центральная Азия", "COC Nederland", "NED", "NDI" секілді ұйымдардың да қызметін тексеру қажет деп есептейді.

“БАҚ-та жарияланған ақпарат бойынша келесі ұйымдар мен белсенділер USAID-тен тікелей және сенім білдірген ұйымдар арқылы қаржыландырылған: «Feminita.kz», ОО «Қадыр-қасиет», ОО «Десента», «Oyan, Qazaqstan», ЛГБТ өкілдері Ж.Секербаева, Г.Сержан және осы сияқты ұйымдар мен ЛГБТ өкілдері көп,”- делінген петицияда.

БҰҒАН ДЕЙІН

Мәскеу мен Беларусьтің ресми өкілдері АҚШ халықаралық даму агенттігінің (USAID) таратылуын құптай кеткенін жазған едік. Ал құқық қорғау ұйымдары, денсаулық сақтау мамандары және тәуелсіз БАҚ қаржыландырудың тоқтатылатынына алаңдап отыр.