×
506.43
522.43
5.28
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
506.43
522.43
5.28

Адам өлтіріп, 16 жыл бойы тығылып жүрген қазақстандық ұсталды

Адам өлтіріп, 16 жыл бойы тығылып жүрген қазақстандық ұсталды
ctc-rk.kz

Шымкентте 16 жыл бұрын адам өлтіріп, жасырынып жүрген тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Шымкент қаласы прокуратурасы мен полиция департаментінің жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ҚР ҚК-нің 99-бабымен (Адам өлтiру) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлға ұсталды.

АУЫР ҚЫЛМЫС

Атап айтқанда, 2009 жылғы 9 қаңтарда «Астория» кафесінің жанында «А» есімді азамат атыс қаруын қолдану арқылы аса ауыр қылмысты жасап, тергеуден жасырынған.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІЗДЕУ

Қылмыскер 16 жылдан астам уақыт бойы халықаралық іздеуде болған. 

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.