×
506.43
522.43
5.28
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
506.43
522.43
5.28

Қазақстан жемқорлық жағынан 88-ші орында: антикор мұны жоғары көрсеткіш деп атады

Бүгін, 12:17
Қазақстан жемқорлық жағынан 88-ші орында: антикор мұны жоғары көрсеткіш деп атады
Ulysmedia коллажы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов 

САРҚҰЛОВ НЕ ДЕЙДІ

Рейтиң шықты. Бір балға көтерілді. Ішкі рейтиңді айтсақ, оны да қарау керек. Біздің азаматтардың, халқымыздың әл-ауқаты, – дейді ол.

“Бір-ақ бал ғой. Сіздер үшін бұл жоғары көрсеткіш пе?” деген сұраққа Сарқұлов “Иә. Ол халықаралық ұйым. Олардың өз индикаторлары бар. Сауалнама, басқа зерттеу орталықтары жұмыс істейді” деп жауап берді.

Еске сала кетейік, Transparency International ұйымының 2024 жылғы Сыбайлас жемқорлық индексіне сәйкес, Қазақстан 180 елдің ішінде 88 орында. Қазақстан есептеу индексінде 100-ден 40 ұпай алған, бұл 2023 жылмен салыстырғанда бір ұпайға ғана жоғары. 

ҰЙЫМНЫҢ ҰСЫНЫСЫ

Transparency International ұйымының Қазақстанға ұсынымдары: 

  • Бюджет қаражатының жұмсалуын қадағалауды күшейту (цифрлық технологияларды қолдану арқылы);
  • Демократиялық реформалар жүргізу;
  • Сөз бостандығын, журналистер мен сыбайлас жемқорлықты зерттеушілердің құқығын қорғау;
  • Сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жазаны қатаңдату;
  • Заңсыз алынған активтерді қайтару процесін ашық өткізу.

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ: ҚАЗАҚСТАН РЕЙТИНГІ

Қазақстан сыбайлас жемқорлық бойынша Түрікменстан (165-орын), Тәжікстан (164), Қырғызстан (146) және Өзбекстаннан (121) жоғары тұр.