×
506.43
522.43
5.28
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
506.43
522.43
5.28

Есі ауысқан балалардың ата-анасын үкімет қолдамады – депутат Астанадағы оқиға жайлы

Бүгін, 13:01
Есі ауысқан балалардың ата-анасын үкімет қолдамады – депутат Астанадағы оқиға жайлы
скриншот

Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова Астанада кішкентай баланы пышақпен тілгілеп кеткен жасөспірімнің оқиғасы жөнінде пікір білдіріп, бұрын үкімет тарапынан қолдау болмаған бір норманы есіне алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ДЕПУТАТ НЕ ДЕЙДІ

Ол баланың (пышақтаған) денсаулығында ауытқу бар. Соған байланысты қазір жабық мекемеге барып, хаттамаға сәйкес, емін жалғастырар деген ойдамыз. Ата-аналарына өте қатаң жауапкершілік қарастырылған, – дейді Жұлдыз Сүлейменова мәжіліс кулуарында.

Депутаттың айтуынша, кішкентай баланың жағдайы ауыр болса да ем-домын қабылдап жатыр. Мәжілісмендердің бірі бүгін осыған байланысты үкіметке сауал жолдаған.

Біз бұған дейін мүгедектігі бар азаматтардың өмір сапасын жақсарту мақсатында депутаттардың бастамасымен бір заң жобасын 2022 жылы қарастырғанбыз. Сол жерде 18 жасқа толғанға дейін, кейін де осындай денсаулығында ақауы бар, қарапайым тілмен айтқанда есі ауысқан балалардың ата-аналарына басқаша жағдай қарастыру жайлы ұсыныс айтқанбыз. Үкімет қолдамады. Осы жағдайдан кейін үкімет қайтадан қарастыруы керек. Мұндай 200 мыңнан астам азамат тіркелген. Оларды есепте ұстап, пробациялық жұмысты жүргізу керек деп ойлаймын, – дейді Жұлдыз Сүлейменова.

ОҚИҒА ЖАЙЛЫ

Бұған дейін лифт ішінде пышақпен балаға шабуыл жасаған адам – психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған кәмелетке толмаған жасөспірім екені анықталғанын хабарлаған едік. Астана қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бес жасар балаға ота жасалған. Оның жағдайы тұрақты ауыр, бірақ өміріне төніп тұрған қауіп жоқ.