×
506.43
522.43
5.28
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
506.43
522.43
5.28

Сенат Жұманғариннің ұсынысын қолдамады

Сенат Жұманғариннің ұсынысын қолдамады
Ulysmedia.kz коллажы

Сенат депутаты Бекбол Орынбасаров Қазақстанда ҚҚС мөлшерлемесін көтеру аясында жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасын алып тастау туралы үкіметтің ұсынысына пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сенаттың кулуарында депутат жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасы жұмыс берушілер мен жалақы қоры үшін белгілі бір деңгейде ауыр болатынын мойындады.

Сонымен қатар, оның пікірінше, бұл жарналарды “өтпелі кезеңге” сақтап қалуға болады.

ДӘЙЕКСӨЗ

- Менің ойымша, бұл “құралды” сақтауға болады. Иә, ол шынымен де ауыртпалық тудыруы мүмкін, бірақ “өтпелі кезеңге” қалдыруға болады. Бұл – мемлекеттің экономикалық құралы, бұл мәселе талқыланып жатыр. Әрине, бұл жалақы мен еңбек ақы қорына жүк түсіреді, бірақ оны өтпелі кезеңде сақтауға болады деп ойлаймын, – деді сенатор.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстанда ҚҚС мөлшерлемесін көтеру жоспарланып отырғанын хабарлаған болатын. Оның орнына бизнеске әлеуметтік салық пен жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасын алып тастау арқылы еңбекақы қорына түсетін жүктемені азайту ұсынылды.

Айта кетейік, Қазақстанда 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын кезең-кезеңімен енгізу басталған.