×
$
450.91
522.69
5.33
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
450.91
522.69
5.33

Жапаров шетелде жүрген кей қырғызстандықтарды «мәңгүрт» деп атады

Бүгін, 11:22
Жапаров шетелде жүрген кей қырғызстандықтарды «мәңгүрт» деп атады
report.az

Садыр Жапаров шетелде тұратын және, өз сөзінше, елдегі тек жағымсыз жайттарды ғана көретін кейбір қырғызстандықтарды сынға алды. Сонымен қатар, президент еңбек мигранттары мен өзге де отандастарына Қырғызстан экономикасына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Бәрінен мін іздейді»

24.kg мәліметінше, Таласта сөйлеген сөзінде Жапаров Шыңғыс Айтматовтың шығармашылығына және өз тамырынан, тарихынан, тілінен, мәдениетінен айырылған адамды білдіретін мәңгүрт бейнесіне тоқталды.

Кейін президент бұл ұғымды шетелде жүрген кейбір қырғызстандықтармен байланыстырды.

«Осындай азаматтарымыз шетелде жүріп, сол жақтан тапқан бір үзім наны үшін өз еліндегі жақсы істердің өзінен жамандық іздеп, мәңгүрттік танытып жүр. Біз оларды тәрбиелеуге, жөнге шақыруға тырысамыз», — деді Жапаров.

Президент нақты кімдерді және «жөнге шақыру» дегенде нені меңзегенін де түсіндірмеді.

Мигранттарға алғыс білдірді

Кейін сол сөзінде Жапаров шетелде жылдар бойы тұрып, еңбек етіп жүрген қырғызстандықтарға арнайы үн қатты.

Ол олардың көп жылдан бері ел экономикасына қолдау көрсетіп келе жатқанын айтып, бұған алғыс білдіру керегін атап өтті.

«Сіздер кейінгі 35 жыл бойы Қырғызстан экономикасының бір бөлігі болып келдіңіздер. Сол үшін Қырғыз мемлекетін басқарған әрбір басшы сіздерге алғыс айтуға тиіс», — деді ол.