×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Нью-Йорк мектебінде қазақ пен өзбек балалары ислам діні үшін жанжалдасты

25.12.2021, 12:19
Нью-Йорк мектебінде қазақ пен өзбек балалары ислам діні үшін жанжалдасты
Фото: ашық дереккөз

Бруклиндегі Джеймс Мэдисон орта мектебінде жанжал үш айдан бері жалғасып келеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Бұл туралы Журналист Анастасия Чумакованың Telegram арнасында жазылды.

Анастасия Чумакова жазғандай, балаларды Өзбекстаннан келген құрдастары этникалық және діни белгілеріне байланысты ұрып-соғып келеді. Тіпті оқиға полиция мен мектеп әкімшілігінің көзінше болып жатыр.

«Қазақстандық балаларды ұрған өзбекстандық балалар өз әрекеттерін қарапайым түрде түсіндіреді: «Сендер, қазақтар, біздің мұсылмандық сенімімізге дақ түсіріп жатырсыңдар. Біз, өзбектер, нағыз мұсылманбыз, ал сендер нағыз мұсылман емессіңдер». Бұл сөздерді 10-сынып оқушысы Махди мен 12-сынып оқушысы Исмат айтты».

Әдетте жасөспірімдерді топталып ұрады, 1 балаға – 15 бала.

«Ата-аналардың бейнежазбаларына, анықтама және шағымдарына қарамастан, бұл жағдайға қатысты ешкім ешқандай шешім қабылдаған жоқ. Полиция да үнсіз (Нью-Йоркте қазіргі уақытта қылмыстар мен атыстар онсыз да көп, сондықтан балаларға уақыт жоқ сияқты). Ал мектеп жәбірленушілерге басқа оқу орнына ауысуды ұсынды».

Чумакованың жазғанына қатысты қазақстандық журналист Михаил Козачков пікір білдірді.

«Менің ойымша, қазір ең қарапайым нәрсе - Сыртқы істер министрінің назарын осы жағдайға аудару. Ол елші немесе консулдық қызметпен байланыстырып, барлық мән-жайды анықтап, полицияға көмектесе алады», - дейді ол.