Синоптиктер 13 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Астанада көшпелі бұлт жүреді, кейде аздаған қар, төмен қарлы боран болады. Оңтүстік-батыс жел 15-20, күндіз екпіні секундына 23-28 метр. Ауа температурасы түнде -13-15°C, күндіз -5-7°C аяз.
Алматыда күн бұлтты, түнде қар жауады деп күтілуде. Кейде тұман, жолдарда көктайғақ болады. Шығыстан жел секундына 2-7 метр. Түнде ауа температурасы -7-9°C аяз, күндіз +1+3°C жылы.
Шымкентте көшпелі бұлт жүреді, кейде жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыс жел секундына 5-10 метрді құрайды. Түнде ауа температурасы -3-5°C аяз, күндіз +4+6°C жылы.
Абай облысының оңтүстігінде, орталығында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Семейде жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -10-15°C, облыстың шығысында, оңтүстігінде -20-25°C аяз, күндіз -2-7°C, облыстың батысында, шығысында -12°C аяз.
Алматы облысының оңтүстігінде түнде аздаған қар жауады, облыстың таулы аймақтарында қар, күндіз оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында аздаған жауын-шашын жауады. Оңтүстігінде, облыстың таулы аймақтарында кейде тұман, жолдарда көктайғақ болады. Шығыстан жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде -5-10°C , солтүстікте, облыстың таулы аудандарында -15-20°C аяз, күндіз 0+5°C жылы, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында -5°C болады. Қонаевта көшпелі бұлт жүреді, түнде аздаған қар жауады.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Атырауда түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде ауа температурасы -6-8°C аяз, күндіз -1°C пн +1°C аралығы.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Ақтөбеде кей уақыттарда тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде -13-15°C, күндіз -8-10°C аяз.
Ақмола облысында аздаған қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 23-28 м/с, облыстың шығысында кей уақыттарда екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі. Көкшетауда таңертең және күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде -13-18°C, облыстың солтүстігінде -10°C, күндіз -3-8°C аяз.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде -10-12°C, күндіз -1-3°C.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. Петропавлда 13 ақпанда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде -11-13°C, күндіз -5-7°C аяз.
Павлодар облысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі. Павлодарда күндіз қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде -9-11°C, күндіз -4-6°C аяз.
Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі. қ. Шымкент: 13 ақпанда кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі. Түркістанда түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы түнде 0-5°C, облыстың солтүстігінде -8°C аяз, күндіз +2+7°C жылы, облыстың солтүстігінде -3°C.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, күндіз облыстың солтүстігінде кей уақыттарда 23-28 м/с. Қарағандыда 13 ақпанда кей уақыттарда аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екіпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Ауа температурасы түнде -10-15°C, облыстың шығысында -18°C, күндіз -2-7°C, облыстың шығысында -10°C аяз.
Қостанай облысының батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде -12-14°C, күндіз -4-6°C аяз.
Қызылорда облысының оңтүстігінде көктайғақ, облыстың орталығында, солтүстігінде тұман күтіледі. Қызылордада 13 ақпанда кей уақыттарда тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде -2-7°C аяз, күндіз +1+6°C жылы.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Жезқазғанда кей уақыттарда аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы түнде -5-10°C, облыстың шығысында -13°C, күндіз -1-6°C аяз.
Маңғыстау облысының батысында, орталығында жолдарда түнде және таңертең көктайғақ күтіледі. Ақтауда түнде және таңертең жолдарда көктайғақ күтіледі. Түнде ауа температурасы -3-5°C аяз, күндіз +1+3°C жылы.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында түнде қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың таулы аудандарында қар, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Таразда кей уақыттарда тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде -3-8°C, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында -13-18°C аяз, күндіз 0+5°C жылы, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында -3-8°C аяз болады.
Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында түнде және таңертең тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -9-14°C, облыстың оңтүстігінде -5°C, облыстың таулы аудандарында -19°C аяз, облыстың оңтүстігінде +5°C жылы, шығыста, облыстың таулы аудандарында -8°C аяз.
Шығыс Қазақстан облысының батысында солтүстігінде, шығысында таңертең және күндіз қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. Өскеменде жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -16-21°C, облыстың солтүстік-батысында -11°C, облыстың солтүстігінде, шығысында -25-30°C аяз, күндіз -3-8°C, облыстың солтүстігінде, шығысында -13°C аяз.