«Теңізшевройлдың» (TШO) шетелдік мамандары қазақстандық әріптестеріне қарағанда көп жалақы алады. Бұл мәселе мәжілісте көтеріліп, компанияның бас директоры Кевин Лайон депутаттардың сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“БАЗАЛЫҚ ЖАЛАҚЫ БІРДЕЙ, БІРАҚ ҚОСЫМША ТӨЛЕМ БАР”
Кевин Лайонның айтуынша, қазақстандық және шетелдік мамандар бірдей базалық жалақы алады, алайда шетелдік мамандар үшін қосымша төлемдер қарастырылған.
- Шетелдік мамандарға қосымша төлемдер қарастырылған, себебі олар шетелден келеді. Бірақ олардың базалық жалақысы бірдей. Бірдей лауазымдағы барлық маман бірдей жалақы алады. Бірақ шетелдік қызметкерлердің жол шығындары бар, сол себепті біз оларға қосымша төлем жасаймыз, деді ол.
БҰҒАН ДЕЙІН
Айта кетейік, еліміздің мұнайлы астанасы атанған Атыраудың кәсіпкері Ғалымбек Мусин 5 жылдан бері әділдікті іздеп жүргенін жазған едік. Өзінің айтуынша, батыстағы наразылықтар шетелдік инвестордың кінәсінен емес, арада жүретін мердігер ұйымдардың ашкөздігінен екен. Шынымен солай ма, оны тиісті құзырлы органдар анықтай жатар. Біз өз тарапымыздан біржақты пікір айтудан аулақпыз.
Ulysmedia.kz жан айқайын жеткіземін деп келген кәсіпкерге сөзін айтсын деп алаң ұсынған едік.