АҚШ-тың президенті Дональд Трамп ұсынған Украинадағы соғысты тоқтату жоспарына сәйкес, Еуропа елдерінің міндеттемелері алдағы он жылда 3,1 трлн долларды құрауы мүмкін. Бұл туралы Bloomberg Economics сарапшылары өз зерттеуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ЕУРОПА ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ АЛА МА?
Сарапшылар Трамп пен АҚШ-тың Қорғаныс министрі Пит Хегсеттың пікірлеріне сүйене отырып, Еуропаның Украина мәселесін реттеу мен елдің қорғанысын күшейтуде негізгі жүк көтеруі керек екенін атап өтті.
Айта кету керек, Еуропа елдері қазіргі уақытта 40-50 мың адамдық бітімгерлік контингент құру мәселесін талқылап жатыр. Ал Украина президенті Владимир Зеленский 1000 шақырымдық шекараны күзету үшін кем дегенде 200 мың әскери күш қажет деп мәлімдеген.
Бұл қаржының басым бөлігі Еуропа елдерінің қорғаныс жүйесін жаңартуға жұмсалмақ. Оның ішінде:
“Bloomberg” есептеуінше, егер бұл шығындар қарыз арқылы қаржыландырылса, НАТО-ның бес ірі еуропалық мүшесі алдағы он жылда қосымша 2,7 трлн доллар несие алуға мәжбүр болады.
СОҒЫСТЫҢ АЯҚТАЛУЫНА ҮШ СЦЕНАРИЙ
Сарапшылар Украинадағы соғысты аяқтаудың үш ықтимал нұсқасын ұсынды:
Базалық сценарий: Ресей аннексиялаған аумақтар жақын болашақта оның бақылауында қалады. Киевке қауіпсіздік кепілдіктері берілуі мүмкін, ал негізгі келіссөздер олардың сенімділігіне қатысты жүреді.
Украина үшін ең тиімді сценарий: АҚШ пен Еуропа келісім-шарт шарттары бұзылған жағдайда, Киевке әскери көмек көрсетеді. Бұл нұсқа Украина Қарулы күштерін реформалауды және елдің ЕО-ға кіруін қамтуы мүмкін.
Ең нашар сценарий: Трамп Украинаны қолдаудан бас тартып, әскери және қаржылық көмекті тоқтатады. Бұл жағдайда Еуропа соғыстың салдарымен жалғыз күресуге мәжбүр болады.