Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті талдау жүргізіп, нәтижесінде «КаР-Тел» ЖШС (Билайн) тарапынан үй интернетін әдейі қымбаттату белгілері анықталды, бұл тұтынушылардың заңды құқықтарының шектелуіне әкелген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТАЛДАУ
Талдау нәтижелері бойынша, «Билайн» тұтынушыларға қолданыстағы тарифтік жоспарларда үй интернетінің жылдамдығын таңдау мүмкіндігін шектеп, 100 Мбит/с-тан жоғары жылдамдықтағы интернетті ұсынған. Бұл өз кезегінде бағалардың жасанды түрде қымбаттауына және белгісіз тұтынушылар тобының құқықтарының бұзылуына алып келді.
Сонымен қатар, «Билайн» компаниясының ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 300 Мбит/с-қа дейінгі интернет жылдамдығы тек GPON технологиясы бар үйлерде ғана қолжетімді. Ал басқа үйлерде максималды жылдамдық 100 Мбит/с-ты құрайды, бірақ тарифтік жоспарлардың бағасы барлық абоненттер үшін бірдей, өзгеріссіз қалады делінген.
ҚАНДАЙ ШАРА ҚАБЫЛДАНДЫ
2024 жылғы 19 қарашада департамент «Билайн» компаниясына бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама талаптарын бұзуды жою жөнінде хабарлама жіберді. Компанияға тұтынушылардың тарифтік жоспарды таңдау құқығын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау тапсырылды, атап айтқанда:
НӘТИЖЕ
Қазіргі таңда хабарлама толық көлемде орындалды: 2025 жылғы 15 қаңтардан бастап тұтынушыларға 100 Мбит/с-қа дейінгі тарифтік жоспарлар ұсыныла бастады, және олардың бағасы 500 теңгеге арзандады.