×
497.89
520.89
5.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
497.89
520.89
5.47

Қазақстанда АЭС салудан үмітті «Росатомның» екі зауыты санкцияға ілінді

14.02.2025, 15:17
Қазақстанда АЭС салудан үмітті «Росатомның» екі зауыты санкцияға ілінді
Ulysmedia коллажы

Ұлыбритания билігі бүгін Ресейге қарсы санкциялар тізімін тағы бес позицияға кеңейтетінін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Азаттыққа сілтеме жасап.

САНКЦИЯҒА КІМДЕР ІЛІНДІ

"Қара тізімді" Ресей қорғаныс министрінің орынбасары Павел Фрадков, кәсіпкер Артем Чайка мен федералды қызметтің техникалық және экспорттық бақылау директоры Владимир Селин толықтырды.

Жаңа шектеулерге, Ұлыбритания үкіметінің веб-сайтындағы құжаттардан көрініп тұрғандай, "Росатомның" екі құрылымы да ілінген. Бірі Санкт-Петербургтегі "Киров-Энергомаш" зауыты және екіншісі  "Росатом аддитивті технологиялар" компаниясы.

Павел Фрадков – сыртқы барлау қызметінің бұрынғы басшысы және бұрынғы Ресей премьер-министрі Михаил Фрадковтың ұлы. Артем Чайка 2006-2020 жылдары Ресейдің бас прокуроры қызметін атқарған, Солтүстік Кавказ президентінің өкілі Юрий Чайканың ұлы, деп атап өтеді РБК.

ДИАЛОГ АЯҚТАЛДЫ

Бұған дейін Қазақстанның энергетика министрлігі атом электр станцияларын салу технологияларын әлеуетті жеткізушілермен бәсекелестік диалогын аяқтағанын хабарлаған еді. "Росатом" мемлекеттік корпорациясы  KHNP (Корея), CNNC ( Қытай) және EDF (Франция)  компанияларымен қатар Қазақстанда атом электр станциясын салу үшін технологияларды әлеуетті жеткізушілердің қысқа тізіміне енген.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЭС

Оның алдында Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы Жобалық кеңсенің қызметімен танысу барысында атом энергетикасын дамыту перспективасына да тоқталып, Қазақстандағы АЭС саны үшеу болуы да мүмкін екенін мәлімдеген еді.

Ал «Атом улаған дала» кітабының авторы, саясаттану ғылымдарының докторы, ядролық қауіпсіздік жөніндегі маман, Олбани университетінің (SUNY-Albany) Саяси зерттеулер орталығының аға ғылыми қызметкері Тоғжан Қасенова Қазақстанның АЭС салуда «Росатомды» серіктес ретінде таңдаса – қазіргі уақыт ең қолайсыз кезең деп есептейді. Бұл пікірді ол Ulysmedia бас редакторы Самал Ибраеваға берген сұқбатында айтты.