×
488.53
531.91
5.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.53
531.91
5.68

Үкімет 2 мыңнан астам адамды түрмеден босатып, 2 млрд теңгені үнемдегісі келеді

14.02.2025, 17:10
Үкімет 2 мыңнан астам адамды түрмеден босатып, 2 млрд теңгені үнемдегісі келеді
Ulysmedia коллажы

Бұл туралы ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің депутаттарға берген жауабында толығырақ жазылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТҮРМЕДЕ ҚАНША ӘЙЕЛ ОТЫР

Ішкі істер министрінің ресми мәліметіне сүйенсек, бүгінгі таңда 6399 әйел қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеп жатыр. Оның 2692-сі бас бостандығынан айыру орындарында ұсталса, 3707-сі пробациялық бақылауда. Қылмыстық кодекстің 78-бабына сәйкес, ауырлығы аз және орташа қылмысы үшін сотталған 1220 әйел (түрмеде 157, пробациялық бақылауда 1064) жазасын өтеуден босатылуы мүмкін.

Зорлық-зомбылыққа қатысы жоқ қылмыстарды жасағаны үшін 2002 әйел сотталған. Олардың 1766-сы алғаш рет, ал 150-і ауырлығы шағын және орташа қылмыстар жасаған. Өз кезегінде ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған 5055 әйелге (түрмеде 2535, пробациялық бақылауда 2520) жаза мерзімін қысқарту мүмкін.

Рақымшылықты қарау кезінде жасалған қылмыстың ауырлығымен қатар сотталғандардың әлеуметтік жағдайын қосымша ескеру ұсынылады: 29 мүгедек әйел (I топ – 3, II топ-3, III топ – 15), 60 жастан асқан 243 әйел (ТМ-152, ПҚ-91), 13 жүкті әйел, 58 жас балалары бар (3 жасқа дейін), сондай-ақ 226 көп балалы ана. Бас бостандығынан айыруды жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру жолымен (3910) өтелмеген талап-арыздары бар әйелдер үшін жазаны жеңілдетуді көздеу қажет, – дейді ол.

ҚАРАЖАТ ҮНЕМДЕУ

Министр жауабында заң бойынша ешкімді жынысына байланысты ешкімді кемсітуге болмайтынын жазады. Әлеуметтік осал адамдар санатына жататын, сотталған ерлер саны 920 адамды құрайтынын келтіреді. Бірінші рет сотталғандарды және зорлық-зомбылықсыз қылмыс жасағандарды босату мәселесі мен жәбірленушілердің құқығын қорғауды ескере отырып, мәселе одан әрі талдауды қажет ететінін атап өтеді.

Екі мыңнан астам сотталған адамды босату бюджетті күніне 5,8 млн теңгеге дейін үнемдеуі мүмкін (1 сотталғанға жалпы шығын күніне – 2900 теңге, тиісінше жылына 2,1 млрд теңге). Бұл шара гуманизм қағидаттарын, мемлекеттің әлеуметтік саясатын қолдауды, әйелдерді бейімдеуді, олардың отбасылық құндылықтарын нығайтып, балалардың құқығы қорғалғанын, сондай-ақ ҚАЖ түзеу мекемелерінде өтеушілердің жүктемесін азайту есебінен мемлекеттік шығындарды оңтайландыруды және сотталғандарды түзету мекемелерінде ұстау жағдайлары жақсарғанын көрсетеді, – делінген жауапта.

Сонымен қатар, министр қылмыстардан зардап шеккен азаматтар арасындағы наразы көңіл-күй және рақымшылық жасағандар арасында қылмыстар қайталануы мүмкін екенін де ескертеді.