×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Алматыдағы атыста қаза тапқан полицейлердің отбасына үй беріледі

21.09.2021, 13:19
Алматыдағы атыста қаза тапқан полицейлердің отбасына үй беріледі
фото: polisia.kz

ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасымен министрдің орынбасары Мұрат Баймұқашев қаза болған полиция қызметкерлері Дархан Сүлеев пен Нұрбол Байғазиевтің отбасына барып қайтты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Polisia.kz мәліметінше, ІІМ басшылығы, ішкі істер органдарының жеке құрамы атынан қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерінің туыстары және жақындарына көңіл айтты.

Ішкі істер министрінің қолдау хаты бойынша Алматы қаласы әкімдігі қаза болған полиция қызметкерлерінің отбасыларына тұрғын үй береді.

Сонымен қатар ішкі істер министрінің бұйрығымен тәртіп пен заңдылықты соңына дейін күзеткен учаскелік инспекторлар “Құқық тәртібін қамтамасыз етуге косқан үлесі үшін” медальдарымен марапатталды.

Алатау аудандық ПБ ЖПҚБ учаскелік инспекторы, полиция майоры Сүлеев Дархан Дауылбайұлы, 1982 жылы туған, ҚР ІІМ Алматы академиясының магистратурасын бітіргеннен кейін 2003 жылдан бастап ішкі істер органдарында қызмет етті. 2021 жылдың тамызында учаскелік инспектор лауазымына тағайындалған еді. ІІО қызмет еткен жылдар ішінде ол 6 марапатқа ие болды, оның ішінде “Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін” 3-дәрежелі медалімен, сондай-ақ “Қазақстан полициясына 25 жыл” төсбелгісімен марапатталды. Үйленген, кәмелетке толмаған бес баласы бар.

Алатау аудандық ПБ ЖПҚБ учаскелік инспекторы, полиция капитаны Байғазиев Нұрбол Назарбайұлы, 1988 жылы туған, ішкі істер органдарында 2014 жылдан бері қызмет еткен. Ол 13 марапатқа ие болды, оның ішінде “Үздік құтқарушы жауынгер” және “Қазақстан полициясына 25 жыл” төсбелгілерімен марапатталды. Үйленген, кәмелетке толмаған екі баласы бар.