×
488.53
531.91
5.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.53
531.91
5.68

Құранды өртеген: Лондонда ер адам пышақ шабуылына ұшырады

14.02.2025, 23:20
Құранды өртеген: Лондонда ер адам пышақ шабуылына ұшырады
Ашық дереккөзден

Лондонда белгісіз ер адам Түркия елшілігінің алдында Құранды өртеп, кейін оған көшедегі өтіп бара жатқан адам пышақпен шабуыл жасаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ОҚИҒА ҚАЛАЙ БОЛДЫ?

Daily Mail басылымының мәліметінше, оқиға куәгерлерінің бірі өртеліп жатқан Құранды қолынан тартып алып, оны өртеген адамды жерге құлатқан. Кейін шабуылдаушы пышақпен жарақат салуға тырысқан, бірақ құқық қорғау органдары дер кезінде келіп, оны ұстаған. 

НЕ ҮШІН ӨРТЕГЕН?

Құранды өртеген ер адам өзінің бұл әрекетін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның саясатына қарсы наразылық ретінде жасағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Ердоған Түркияны радикалды исламшыл топтардың орталығына айналдырды. 

Айта кетейік, 2023 жылдың қыркүйегінде Қазақстан президенті Құранды өртеу әрекеттерін айыптаған болатын. 

БҰҒАН ДЕЙІН

29 қаңтарда кешкі уақытта Сёдертелье қаласында атыс болып, 38 жастағы Салван Момик өлі табылған. Ол 2023 жылы Құранды өртеу бойынша акциясын ұйымдастырған еді.