Палестиналық ХАМАС тобы тұтқынға алынған Израильдің үш азаматын босатты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz
ТОЛЫҒЫРАҚ
Газада Израильдің үш азаматы – Александр Труфанов, Саги Декель-Чен және Яир Хорн кепілден босатылды. Ал Израиль жағы бұған жауап ретінде түрмедегі 369 палестиналықты бостандыққа жібермек.
Бұл атысты тоқтату туралы келісім аясында жүргізілген алтыншы алмасу екенін айта кету керек.
ХАМАС өкілдері атысты тоқтату туралы келісімнің екінші кезеңі бойынша Израильмен жанама келіссөздер басталатынына сенім білдіретінін мәлім етті.
КОНТЕКСТ
Естеріңізге сала кетейік, 17 қаңтарда келіссөзге қатысушылар Израиль мен ХАМАС қозғалысы арасындағы атысты тоқтату туралы келісімге қол қойған, бұл құжат та кепілге алынғандарды босатуды көздейді.
18 қаңтарда Израиль билігі түрмелерден барлығы 737 палестиналық тұтқын босатылатынын нақтылады. Сонымен қатар Израиль қақтығыс басталғаннан бері ұсталған, бірақ 2023 жылдың 7 қазанындағы ХАМАС шабуылына қатысы жоқ 1167 Газа тұрғынын жібереді.