Қазақстанда биылғы наурыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштер қабылдана бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz
Ұлттық тестілеу орталығының ақпаратына сүйенсек, өтініштер 25 ақпанға дейін қабылданады.
Білім сынағына тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі. Ал ҰБТ алдағы 1 наурыз бен 5 сәуір аралығында өтеді.
Тестілеуге келесі тұлғалар қатыса алады:
орта білім беру ұйымдарының 11 (12) сынып оқушылары;
шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданғандар;
былтырғы мектеп және колледж түлектері (толық оқыту нысанына);
Қазақстан азаматы болып есептелмейтін ұлты қазақ тұлғалар;
шетелде білім алған 11 (12) сынып оқушылары (Қазақстан Республикасының азаматтары).