×
488.53
531.91
5.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.53
531.91
5.68

Тағы бір айыппұл түрі – «Сергекте» жаңа режим

17.02.2025, 19:30
Тағы бір айыппұл түрі – «Сергекте» жаңа режим
Ulysmedia коллажы

Алматы қаласында "Сергек" камералары жол ережелерінің тағы бір түрін бұзуды анықтайтын жаңа режимде жұмыс істей бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚАЙДА ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

Жаңа бақылау жүйесі Сәтпаев көшесінің Достық даңғылынан бастап Уәлиханов көшесіне дейінгі оңтүстік және солтүстік бөліктерінде орналасқан камераларда іске қосылды. Бейнебақылау жүйелері тұрақ ережелерін бұзу, оның ішінде екінші қатарға тоқтау сияқты құқықбұзушылықтарды анықтайды.

Полиция департаменті жолдың жүру бөлігінде көлікті тек бір қатарға қоюға рұқсат етілгенін еске салды. Кейбір жерлерде жол құрылымына байланысты басқа жағдайлар қарастырылуы мүмкін. Сонымен қатар, басқа көліктердің қозғалысына кедергі келтіретін орындарда тоқтауға қатаң тыйым салынады.

АЙЫППҰЛ КӨЛЕМІ

Мұндай ережелерді бұзу 10 АЕК немесе 39 мың теңге көлемінде айыппұл салуға әкеледі.

“СЕРГЕК” КЕЛЕШЕКТЕ АЛЫНЫП ТАСТАЛАДЫ

Астанадағы "Сергек" бейнебақылау камераларын Біріккен араб әмірліктерінен келетін инвесторлардың жаңа жүйесі алмастырады. Астана мәслихаты "Сергек" бейнебақылау жүйесімен шартты ұзартпау туралы шешім қабылдағанын бұған дейін жазған едік. 

Қалалық цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Дидар Сүлейменов "Сергекпен" келісімшарттың қолданылу мерзімі 13 наурызда аяқталатынын айтады. Президенттің тапсырмасы және жобаны одан әрі дамыту шеңберінде G42 халықаралық холдингіне кіретін Presight компаниясына бейнебақылау жүйесін беру туралы шешім қабылданған.