17-18 ақпан аралығында Қазақстанның бірнеше автожолында қозғалыс режимі өзгереді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ мәліметінше, 2025 жылғы 17 ақпанда сағат 19:30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда жүк және қоғамдық көлік қозғалысына шектеу енгізіледі.
Қостанай облысы:
Қостанай – Әулиекөл – Сұрған автожолы, 108-232 км (Әулиекөл кенті – Ақмола облысының шекарасы).
Ақмола облысы:
Қостанай – Әулиекөл – Сұрған автожолы, 232-260 км (Қостанай облысының шекарасы – Сұрған кенті);
Жақсы – Есіл – Бузулук автожолы, 71-82 км (Ақсай кенті – Бузулук кенті);
Жезқазған – Петропавл автожолы, 536-553 км (Бузулук кенті – Сұрған кенті).
Алдын ала мәлімет бойынша, жолдар 2025 жылғы 18 ақпанда сағат 08:00-де ашылады.
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 18-20 ақпан аралығында Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады. Мамандардың мәліметінше, бұл күндері ел тұрғындарын тұрақсыз ауа райы күтіп тұр.