×
499.76
521.7
5.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.76
521.7
5.63

«100 млн теңге салық төлемегенсіз»: мемлекет блогерлердің ізіне түсті

17.02.2025, 21:35
«100 млн теңге салық төлемегенсіз»: мемлекет блогерлердің ізіне түсті
Коллаж Ulysmedia

Бұл туралы белгілі кәсіпкер, блогер Әлішер Елікбаев өзінің желідегі парақшасында жазды. Оның сөзінше оған және оның таныстарына салық органдарынан хат келген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

КІМДЕР ХАТ АЛҒАН?

Елікбаевтың сөзінше  14 ақпаннан бастап блогерлер, инфлюенсерлер, ақпараттық бизнес өкілдері, спортшылар және танымал адамдар жаппай салық органдарынан "валентинка" ала бастаған. Айтуларынша, алғашқы толқында 8 000 адамға хабарлама жіберілген.

“Бұл хаттарда 2022-2023 жылдары салық төлемегені жөнінде ақпарат берілген. Берешек сомалары әртүрлі. Менің айналамдағы ең жоғары көрсеткіш – салық органдары миллиард теңгеден астам төлем жасалмаған деп көрсеткен. 400 миллион, 300 миллион теңге қарызы барлар да кездеседі. Көбісі 100 миллион теңгеден астам салық төлемеген деп айыпталуда", – дейді Елікбаев.

Жазба авторы Елікбаевтың соммасы басқалармен салыстырғанда әлдеқайда аз екен. Өзінің айтуынша. 

"Менің берешегім басқаларға қарағанда әлдеқайда аз – бар болғаны 5 миллион теңге. Бірақ өзімді дұрыс табыс таппай жүрген адамдай сезініп отырмын. Тіпті, жұбайымның шағын жеке кәсіпкерлікке тіркелген салық сомасы 100 миллион теңгеге жеткенін көріп таңғалдым. Мұндай сомалар ешқашан болмаған!" – дейді ол.

Кәсіпкерлердің айтуынша, салық органдары есептеу әдістемесінде үлкен қателіктер жіберіп отыр.

"Мен жарнаманы заңды түрде белгілеп, барлық салықты уақытында төлеп жүргендердің бірімін. Бірақ миллиард теңге табыс тапты деген азамат та барлығын заң бойынша төлеп келгенін білеміз. Олар тек банктегі барлық қаржылық айналымды есепке алып, соны табыс ретінде көрсеткен" – деп түсіндіреді блогер.

Елікбаевтың сөзінше  8 000 азамат өздерінің "қарыз" емес екенін дәлелдеу үшін салық органдарына баруға мәжбүр. Олардың әрбір түсім көзі мен шығынын дәлелдеу міндеттелген. Бұл жағдай бизнестің ашықтығына кері әсерін тигізуі мүмкін.

"Үкімет өзіне тағы да проблема туғызуда. Жаңа ғана заңдастыруды бастаған кәсіпкерлер енді қайтадан көлеңкеге кетуге мәжбүр болады. Себебі, салық органдарың қалай есептегені емес, қанша төлегенің маңызды болып отыр. Ал олардың есептеуі тым қате екені көрініп тұр", – деп түйіндеді блогер.

БҰҒАН ДЕЙІН

Қазақстандық блогерлерге қомақты сомада салық қарызы туралы хабаламалар келе бастағанын хабарлаған едік.