×
495.28
538.32
5.77
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.28
538.32
5.77

«Қазақмыс» шахтасындағы трагедия: Тоқаев төтенше жағдайдың мән-жайын мұқият тексеруді жүктеді

18.02.2025, 08:38
«Қазақмыс» шахтасындағы трагедия: Тоқаев төтенше жағдайдың мән-жайын мұқият тексеруді жүктеді
ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Ұлытау облысында кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақмыс» корпорациясының Ұлытау облысындағы кенішінде тау массасының құлауы салдарынан қаза болған жұмысшылардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы үкіметке төтенше жағдайдың мән-жайын мұқият тексеру жөнінде міндет жүктеді. Салалық ведомстволар мен өңір әкімдігіне марқұмдардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсету туралы тапсырма берілді, – деп ақпарат таратты Ақорда.

КОМПАНИЯ ҚАНДАЙ КӨМЕК КӨРСЕТЕДІ

Қазақмыс ұжымдық келісімшартта көзделгендей, Жомарт кенішінде қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті көмекті көрсетеді.

Әлеуметтік және материалдық қолдау мақсатында, соның ішінде моральдық зиянды өтеу үшін, қаза тапқандардың отбасыларына жұмыскердің орташа жылдық жалақысының 10 еселенген мөлшері және 2 миллион теңгеден астам жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға төленеді.

Сондай-ақ асыраушысынан айырылу жағдайына ай сайынғы төлемдер, балалардың оқу ақысын төлеу, қаза тапқан жұмысшылардың несие және қарыздарын жабу, сондай-ақ отбасы мүшелерінің өтініші бойынша басқа да көмек түрлері қарастырылған.

ЖЕТІ КЕНШІНІҢ ҚАЗАСЫ

Еске сала кетейік, 17 ақпан күні кешке Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданындағы "Қазақмыс" корпорациясының "Жомарт" кенішінде тау-кен массасы құлаған. Сол жерде шахтаның жеті қызметкері болды. Кабельдердің үзілген соң жұмысшылармен байланысу мүмкін болмаған. Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында құтқарушылар тобы "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-нің жеті қызметкерінің денесін тапты

ҮКІМЕТТІК КОМИССИЯ

Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша сол кеште Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында шахтаның құлауы салдарынан зардап шеккендердің себептерін тергеу және оларға көмек көрсету жөніндегі арнайы комиссия құрылды. Комиссияға оның орынбасары Қанат Бозымбаев жетекшілік етеді.