×
500.32
545.3
6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
500.32
545.3
6

Жеті кеншінің өлімі: Бозымбаев оқиға орнына барды

Жеті кеншінің өлімі: Бозымбаев оқиға орнына барды
Фото: Үкімет

Ұлытау өңіріндегі ТЖ орнында үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша Ұлытау облысындағы ТЖ орнында вице-премьер Қанат Бозымбаевтың басшылығымен үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр. 

КОМИССИЯ ҚҰРАМЫ

Комиссия құрамында Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков, ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов, ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов, денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев, өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан, ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының міндетін атқарушы Рашид Дубаев бар.

Оқиға орнында ТЖ қызметі, ІІМ және Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің шұғыл тергеу тобы, сондай-ақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. 

ТЕРГЕУ

Комиссия мүшелері оқиға орнында болып, тергеу барысымен танысты. Қаза тапқандардың отбасыларына бірінші кезекте көмек көрсету жөнінде тапсырма берілді.

Әрі қарай премьер-министрдің орынбасары штаб отырысын өткізіп, қаза тапқандардың туыстарымен кездеседі.

БҰҒАН ДЕЙІН

Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында құтқарушылар тобы "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-нің жеті қызметкерінің денесін тапты. Артынша Ұлытау облысында үйінді астында қалған жеті кеншінің аты-жөні жарияланды

ШАХТАДАҒЫ АПАТ

Еске сала кетейік, 17 ақпан күні кешке Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданындағы "Қазақмыс" корпорациясының "Жомарт" кенішінде тау-кен массасы құлаған. Сол жерде шахтаның жеті қызметкері болды. Кабельдердің үзілген соң жұмысшылармен байланысу мүмкін болмаған.