×
$
444.88
513.26
5.28
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
444.88
513.26
5.28

Жезқазғаннан кейін Сәтбаевқа да жаңа әкім тағайындалды

Бүгін, 13:12
Жезқазғаннан кейін Сәтбаевқа да жаңа әкім тағайындалды
Ұлытау облысы әкімдігі

Сәтбаев қаласының әкімі болып Кеңгірбай Смағұлов тағайындалды. Ол бұған дейін Ұлытау облысы әкімінің аппаратын басқарған. Қаланың жаңа басшысын бүгін облыс әкімі Есет Байкен таныстырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Облыс әкімінің аппаратын басқарған

Кеңгірбай Смағұлов 1978 жылы туған. О. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 2000 жылы Жезқазған қаласында салық инспекторы болып бастаған.

Кейін бірнеше жыл қалалық әкімдікте жұмыс істеп, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерімен айналысқан.

2020-2022 жылдары қалалық Nur Otan партиясы бөлімшесінде қызмет атқарды. Кейін партияның атауы Amanat болып өзгеріп, одан соң «Әділет» партиясымен бірікті. Смағұлов бұдан кейін Ұлытау облысы бойынша еңбек инспекциясы басқармасын, ал 2023–2024 жылдары облыстық қаржы басқармасын басқарды.

Кейінгі екі жылда Ұлытау облысы әкімінің аппаратын басқарды.

Қызметке тағайындалғаннан кейін Смағұлов Сәтбаев тұрғындарына үндеу жасады.

– Алда атқаратын жұмысымыз аз емес. Қаланың өзекті мәселелерінің барлығын бақылауда ұстап, тұрғындардың тілектері мен ұсыныстарын ескеріп, нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін жүйелі түрде жұмыс істейміз, – деді ол.

Бұрынғы әкім Жезқазғанды басқарды

Сәтбаевтың бұрынғы әкімі Мұрат Бөрібаев бұл қызметте екі жыл екі ай жұмыс істеді. Бүгін ол Жезқазған қаласының әкімі болып тағайындалды.