Құпия тізімді журналист Козачков телеграмм арнасында жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Тізімді журналист Михаил Козачков өзінің телеграмм арнасында жариялады.
“Бүгін блогерлерге салықтың қосымша есептелуі туралы жазбаны бөлістім – 53 миллиард теңгеден астам қаражат туралы айтылған. Бұл сан қалай пайда болғанын нақты түсінбедім, Мемлекеттік кірістер комитеті қандай да бір есептеулер жүргізген”,- деп жазды Козачков.
Суреттегі тізімде Қазақстандағы блогерлердің біразы бар. Бұл қатардf 2 миллиард теңгеден астам соммамен Бейбіт Әлібеков көш бастап тұр. Одан бөлек Баян Алагөзова, Ерке Есмахан, Алтынай Жорабаева, Тоқтар Серіков есімді шоу бизнес өкілдері де бар.
“Бұл тізімде бюджетке енді белгілі бір соманы төлеуі тиіс адамдардың есімі жазылған. Құжаттың оң жақ бағанында көрсетілген сома төленбесе, жеке табыс салығы (ЖТС) ұсталады деген ақпарат бар, бірақ мен оны толық түсініп үлгермедім.Бұл тізім шынайы ма, әлде ойдан шығарылған ба – білмеймін, бірақ әсерлі екені сөзсіз. Бейбіт, келесі жолы кофені сен төлейсің!”- деп жазған.
БҰҒАН ДЕЙІН
Блогер Әлішер Елікбаев желідегі парақшасында блогерлердің салық органдарынан хат алғанын жазған еді.
Елікбаевтың сөзінше 14 ақпаннан бастап блогерлер, инфлюенсерлер, ақпараттық бизнес өкілдері, спортшылар және танымал адамдар жаппай салық органдарынан "валентинка" ала бастаған. Айтуларынша, алғашқы толқында 8 000 адамға хабарлама жіберілген.