Өткен жұмада конгрессвумен, республикашыл Клаудия Тенни H.R. 1395, «Трамптың туған күні мен Ту күнін заңды федералдық мереке ретінде белгілеу үшін Америка Құрама Штаттарының Кодексіне 5 тақырыпты өзгерту» атты заң жобасын әкелді. Оған сәйкес, Трамптың туған күнін мемлекеттік мереке ретінде енгізу ұсынылуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Дональд Трамп 1946 жылы 14 маусымда туған, сол күні АҚШ-та мемлекеттік ту күні де атап өтіледі.
Конгрессвумен Х әлеуметтік желісінде: «Джордж Вашингтонның туған күні федералды мереке ретінде танылған, президент Трамптың туған күні де оның Американың алтын ғасырының негізін қалауын мойындау үшін атап өтілуі керек, атап айтқанда: «Біздің ел үшін Дональд Дж. Трамптан артық заманауи президент болған емес. Бүгін мен Трамптың туған күні мен Ту күнін федералды мерекеге айналдыратын заңнаманы енгіздім, бұл президент Трамптың америкалық ұлылыққа қосқан үлесі мәңгілік заңмен бекітілуін қамтамасыз етеді» дейді.
ЗАҢ ЖОБАСЫ
Ұсынылып отырған заң жобасы Трампты ұлықтауға арналған оның ерекше «берілген» жақтастарының алғашқы әрекеті емес. Республикашыл конгрессмен Эддисон МакДауэлл басқа республикашылдар Гай Решенталер, Брайан Джек, Райли Мур және Брэндон Гиллмен бірге Трамптың құрметіне Вашингтон Даллес халықаралық әуежайының атауын өзгерту үшін HR 7845 енгізгені туралы кеңінен хабарланбады.
Тағы бір конгрессмен-республикашыл Бадди Картер шамасы, 47-ші президентке жарамсақтанғысы келді ме екен, 10 ақпанда HR 1161 заң жобасын енгізіп, ол Гренландияның атын «Қызыл, ақ және көк ел» деп өзгертуді ұсынды, өйткені Трамп аралды өз қолына алғысы келіп жүр.