×
495.28
538.32
5.77
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.28
538.32
5.77

Сол жаққа әмір жүргізіп алған – Зайытов «Қазақмыс» басшыларына шүйлікті

19.02.2025, 10:23
Сол жаққа әмір жүргізіп алған – Зайытов «Қазақмыс» басшыларына шүйлікті
Ulysmedia коллажы

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов кенішінде жеті адам қаза болған «Қазақмыс» компаниясының басшыларына шүйлікті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ДЕПУТАТ НЕ ДЕЙДІ

Бұл әу бастан біздің инвесторларға, сондай компанияларға деген әлсіздігімізді білдіреді. Кезінде рейспен ұшатын ұшақ Қазақмыс компаниясының басшыларының кесірінен 4-5 сағатқа кешігетін. Олар сол жаққа әмір жүргізіп алған. Ешкім тексермей, қауіпсіздік сақталмаған соң осындай жағдайлар қайталанады. Қатты қадағалауға алу керек. Бақсаша бұл тоқтамайды, – деді Зайытов мәжіліс кулуарында журналистерге.

ҚАЗАҚМЫСТАҒЫ АПАТ

17 ақпан күні кешке Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданындағы "Қазақмыс" корпорациясының "Жомарт" кенішінде тау-кен массасы құлаған. Сол жерде шахтаның жеті қызметкері болды. Кабельдердің үзілген соң жұмысшылармен байланысу мүмкін болмаған. Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында құтқарушылар тобы "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-нің жеті қызметкерінің денесін тапты. Артынша Ұлытау облысында үйінді астында қалған жеті кеншінің аты-жөні жарияланды

Сонымен қатар, “Қазақмыс” жеті кеншінің суреттерін жариялады. Вице-премьер Қанат Бозымбаев «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басшылығымен өткен кеңесте тергеу аяқталғанша жұмыс жалғаспасын деп тапсырды.