×
499.76
521.7
5.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.76
521.7
5.63

СІМ ресми өкілі КҚК станциясының ақауы «Қазақстан экономикасы үшін маңызды» екенін айтты

19.02.2025, 14:45
СІМ ресми өкілі КҚК станциясының ақауы «Қазақстан экономикасы үшін маңызды» екенін айтты
Ulysmedia коллажы

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Каспий құбыры концорциумының станциясына дрондармен жасаалған шабуылға байланысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл Қазақстан экономикасы үшін өте маңызды мәселе. Сол себепті әлбетте, біз мұны дипломатиялық арналар арқылы украиналық серіктестермен талқылаймыз, – деді ол.

Қазақ мұнайы тасымалданатын Ресейдегі станцияға бұған дейін дронмен шабуыл жасалған болатын. Ақпаратты энергетика министрлігі таратты. Олардың айтуынша, шабуыл жасалағанын КҚК-да растады.

Министрліктің хабарлауынша, 2025 жылы 17 ақпанда Каспий құбыр консорциумының "Кропоткинская" ЖЗҚ мұнай тасымалдау объектісі БПЛА шабуылына ұшыраған. Жарылғыш заттардан басқа метал зақымдайтын элементтермен толтырылған жеті ұшқышсыз ұшақ террористік шабуыл жасаған. Шабуыл объектінің жұмысын бұзып қана қоймай, станцияның жедел қызметкерлерін өлтіру мақсатында уақыт аралығымен жасалды.

Украина қарулы күштері Ресей аумағындағы стратегиялық нысандарға соққы бергенін ресми түрде растады.

РЕСЕЙ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАДЫ

Ресейдің тергеу комитеті Украина қорғаныс министрлігінің арнайы қызметінің, қорғаныс министрлігінің және басқа да әскери құрылымдардың әскери қызметшілеріне қарсы іс қозғаған. Олар Украинаның бақылауындағы аумақта және қылмыстық бұйрықтарды орындай отырып, азаматтық инфрақұрылым объектілері бойынша ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдана отырып шабуыл жасады деп айыптады.