×
501.49
525.71
5.77
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
501.49
525.71
5.77

Украинада соғысқан қазақстандық Путиннен пана сұрады

Украинада соғысқан қазақстандық Путиннен пана сұрады
Видео кадры

Украинадағы соғысқа қатысқан қазақстандық Петр Мирошниченко Ресейден уақытша баспана алады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ІІМ НЕ ДЕЙДІ

Ресейдің ішкі істер министрлігі Украинадағы әскери қақтығыстарға қатысқан қазақстандық азаматқа уақытша баспана беруге дайын екенін мәлімдеді.

- Ресей ішкі істер министрлігі бұл азаматтың біздің ел аумағында уақытша тұруына рұқсат беруге әзір. Бұл туралы бұған дейін «Восток» еріктілер бригадасының өкілдеріне хабарлаған, деп мәлімдеді ведомство.

Петр Мирошниченко бұған дейін Ресей президенті Владимир Путинге видео арқылы үндеу жолдап, Ресейдің азаматтығын алуға көмектесуді сұраған. Ол Қазақстанға оралу мүмкін емес екенін ашық айтты.

- Қазақстанға менің оралуым мүмкін емес, өйткені ол жақта мені жалдамалы әскери қызметке қатысқаны үшін ұзақ мерзімге түрме жазасы күтіп тұр. Ал Ресей аумағында ресми түрде де бола алмаймын, себебі маған бұл жерде тыйым мен елден шығару туралы шешім бар, деді Мирошниченко өз үндеуінде.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін «Орыстарды қорғау» үшін Украинадағы соғысқа барған жезқазғандық сотталған болатын. Ол Ресейдегі "Вагнер" жеке әскери құрамында болған. 

Сәтбаев қалалық соты шетелде қарулы қақтығысқа және шетел мемлекетінің аумағындағы әскери әрекеттерге жалдамалылық белгілерінсіз қасақана заңсыз қатысқан «Г»-ға қатысты үкім шығарды. Сот оны бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы ауыр қылмыс жасаған деп таныды.  

Сот үкімімен «Г» Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 172-бабы бойынша кінәлі деп танылып, орташа қауіпсіздік мекемесінде 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.