×
480.72
548.07
6.14
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.72
548.07
6.14

Алматыда жертөледен полиэтиленге оралған ер адамның мәйіті табылды

Бүгін, 16:06
Алматыда жертөледен полиэтиленге оралған ер адамның мәйіті табылды
Видеодан алынған кадр

Алматының Түрксіб ауданындағы жекеменшік үйлердің бірінің жертөлесінен полиэтиленге оралған ер адамның мәйіті табылды. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, үй иесі ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Алдын ала мәліметке қарағанда, марқұм тұрғын үйлер мен пәтерлерге жөндеу жұмыстарын жүргізумен айналысқан. Қайғылы оқиға болған күні ол бұл үйде болған.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барып, мәйіттің жеке басын анықтады. Тергеу барысында үй иесі қолға түсті.

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ?

Полицияның мәліметінше, күдіктінің айтуынша, ер адам әзірге анықталмаған жағдайда өлімге әкелген жарақат алған. Алайда ол болған жайт туралы жедел қызметтерге хабарламай, тергеу нұсқасы бойынша мәйітті жертөлеге жасырып қойған.

Аталған факті бойынша адам өліміне байланысты қылмыстық іс тіркелді. Қайтыс болудың нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық және өзге де кешенді сараптамалар тағайындалған.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты тексеріліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.