×
499.76
521.7
5.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.76
521.7
5.63

Ағасы қарындасының өлімі үшін ауруханадан 5 млн теңге өндіріп алды – Ақмола облысындағы оқиға

20.02.2025, 14:39
Ағасы қарындасының өлімі үшін ауруханадан 5 млн теңге өндіріп алды – Ақмола облысындағы оқиға
ашық дереккөзден

Сот аурухана қызметкерлері пациенттің өліміне кінәлі деген шешімге келген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СОТ НЕ ДЕЙДІ

2021 жылы Ақмола облысы Целиноград ауданының 43 жастағы тұрғыны «гипергликемиялық жағдай» диагнозымен ауруханаға жеткізілген. Төрт сағаттан кейін дәрігерлер оның қайтыс болғанын айтқан. Марқұмның ағасы медициналық қызметкерлердің кәсіби міндеттерін тиісті деңгейде орындамағандықтан, қарындасы қайтыс болғанын айтып, аурухана моральдық шығынды өтеуі туралы сотқа талап қоюмен жүгінген.

Бірінші сатыдағы соттың шешімінде сот аурухананы талап қоюшыға моральдық шығын ретінде 1,5 млн теңге төлеуге міндеттеген.

АПЕЛЛЯЦИЯ

Талап қоюшы өтемақы мөлшері тым аз деп есептеп, шешімге шағымданған. Ақмола облыстық соты істі зерттей келе денсаулық сақтау департаментінің қорытындысы бойынша науқас ішкі қан кетуден анемиядан қайтыс болғанын, дәрігерлер оның жағдайын бағалай алмай, емдеу диагностикалық хаттамаларға сәйкес келмегенін, консилиум, УЗИ, мамандардың кеңесі болмаған және шұғыл ота жасалмағанын, сапасыз медициналық қызмет науқастың жағдайын нашарлатып, оның өліміне әкеліп соққанын анықтаған.

2021 жылы бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, 2024 жылы ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жабылған. Қылмыстық іс аясында жүргізілген сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша денсаулық сақтау министрінің «Стационарлық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын бұзу фактілері анықталды. Сарапшылар дер кезінде диагноз қойылып, мамандардың кеңесі мен хирургиялық араласу арқылы өлімнің алдын алуға болатын деген қорытындыға келген. Талап қоюшының моральдық азап шегуінің ауырлығын, кінәсінің түрін (абайсыздық) және істің мән-жайын ескере отырып, сот бірінші сатының шешімін өзгертті: моральдық шығынды өтеу мөлшері 5 млн теңгеге дейін ұлғайтылды.