×
499.76
521.7
5.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.76
521.7
5.63

Ұшақта төбелес шығарып, бомба туралы жалған хабар берген жолаушы сотталды

Ұшақта төбелес шығарып, бомба туралы жалған хабар берген жолаушы сотталды
ЖИ / ulysmedia.kz

Ұшақта бортсерікті ұрып жіберіп, бомба туралы хабар берген жолаушы жазаланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СОТ

Іс 20 ақпанда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралды. Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлаған және әуе кемесінің бортында бұзақылық жасағаны үшін жолаушыға қатысты үкім шығарды.

СОТТА АНЫҚТАЛҒАНЫ

Сотталушы жолаушы масаң күйінде «FlyArystan» АҚ-ның Астана – Өскемен бағытындағы әуе кемесі бортында бұзақылық жасаған. Ол ұшақтың бортсерігіне күш көрсетіп, оны ұрып-соғып және жолаушының ескертуін елеместен, оны да ұрып-соғып, екі жәбірленушіге де дене жарақатын келтірген.

Сонымен қатар, ол бомба барын хабарлаған. Оның жалған хабарламасы салдарынан 153 жолаушы түсіріліп, қайта тексеруден өтіп, көліктегі полиция департаменті мен «FlyArystan» АҚ-ға материалдық шығын келтірілген (ҚК-нің 273-бабы). Сотталушының кінәсі оның мойындауымен, жәбірленушілердің айғақтарымен, сарапшылардың қорытындыларымен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді.

ТАРАПТАР НЕ ДЕЙДІ

Прокурор 3 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, қорғаушы тарап пен сотталушының өзі бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.

СОТ ҮКІМІ

Сот кәмелетке толмаған баласының болуын және шын жүректен өкінуін жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп таныды. Ауырлататын мән-жай ретінде орташа дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болуы танылды.

Жасалған құқық бұзушылықтардың мән-жайларын, ауырлататын мән-жайдың болуын ескере отырып, сот үкімімен сотталушы Т. ҚК-нің 273-бабы және 293-бабы 2-бөлігінің 4) тармағы бойынша кінәлі деп танылып, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.