×
499.76
521.7
5.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.76
521.7
5.63

Алматылық баланы үш жыл бойы әкесінің ағасы зорлап жүрген

Алматылық баланы үш жыл бойы әкесінің ағасы зорлап жүрген
tvnet.lv

 

Алматылық жасөспірім бірнеше жылдан бері туыс ағасынан бірнеше жылдан бері зорлық көріп жүргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Бұл туралы адвокат Айман Умарова айтты. Оның сөзінше, 14 жастағы бала 11 жасынан бері зорлық көріп жүрген.

Баланың өз әкесі қайтыс болған. Кейіннен баланы әкесінің ағасы анасы үш баланы асырай алмайды деп тартып алып, асырап алған. Бала 11-ге толғанда ер адам оны зорлай бастаған. Адвокаттың сөзінше, бұл үш жылға созылған. 

Жасөспірім әпкесімен бірге полицияға арыз жазған, алайда бастапқыда оның арызын ешкім қабылдамапты. Артынша ақыры тергеу басталған, бірақ заң бұзушылықтар болған: баладан психолог және адвокатсыз жауап алынып, тергеушілер мен туыстары жәбірленуші бала бұл оқиғаны ойынан шығарып алған деп қысым көрсеткен. 

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Алматының полиция департаменті бұл ақпаратты растап, 19 ақпанда баланың әпкесі арыз жазғанын айтты. Бұл дерек бойынша тергеу басталған, күдікті ер адам ұсталды. Қажет сараптамалар тағайындалған. Тергеу жүріп жатыр. 

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.