АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Украинаның минералды ресурстарына қол жеткізу үшін Киевпен "жеңілдетілген" мәміле жасауға тырысуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл Ресейд Украинаға қарсы соғысы туралы келісімге тезірек қол жеткізуге көмектеседі деген болжам бар. Мұндай мәміленің егжей-тегжейі, атап айтқанда АҚШ-қа тиесілі ресурстардың көлемі кейінірек талқылануы мүмкін, деп жазады DW.
Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-тың ұсынылған келісім нұсқасына қол қоюдан бас тартты, бұл БАҚ-тың хабарлауынша, АҚШ-тың Украинадағы сирек кездесетін металдар қорының 50% беретінін білдіреді.
Бір күн бұрын президент Владимир Зеленский соғыс Украинаға 320 миллиард доллар шығын әкеліп, оның 120 миллиардын украиндар төлегенін мәлімдеген.
Оның алдында АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаны пайдалы қазбалар туралы келісімді бұзды деп айыптаған болатын.
ЭР-РИЯДТАҒЫ КЕЗДЕСУ
Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында күні кеше Ресей мен АҚШ жоғары лауазымды тұлғалары арасында тарихи ресми келіссөздер өтті. Бұл — Украинадағы соғыс басталғалы бері екі ел арасында болған алғашқы жоғары деңгейдегі кездесу. Келіссөздердің басты нәтижесі — дипломатиялық миссиялардың толыққанды жұмысын қайта жандандыру туралы уағдаластық болды.
Ресей делегациясын сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен президенттің халықаралық істер жөніндегі көмекшісі Юрий Ушаков бастап барды. Ал АҚШ тарапынан келіссөздерге мемлекеттік хатшы Марко Рубио, ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Майк Уолц және Таяу Шығыс бойынша арнайы өкіл Стив Уиткофф қатысты.
ЗЕЛЕНСКИЙ НЕ ДЕЙДІ
Украина президенті Владимир Зеленский бүгін АҚШ президенті Дональд Трамптың өз еліне қатысты бірқатар ұсынысына жауап берген. Ол АҚШ қолдамаса, Украина Ресейді жеңе алмайтынын мойындайды. Бірақ “олар (Ресей) бізді оккупациялай алмайтыны анық” дейді.