×
502.83
545.37
5.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.83
545.37
5.95

«Қазселқорғау» ісі: Жамбыл облысы экс әкіміне қатысты жаңа деректер

20.02.2025, 20:45
«Қазселқорғау» ісі: Жамбыл облысы экс әкіміне қатысты жаңа деректер
Ашық дереккөзден

«Қазселқорғау» ісі бойынша пара алу туралы сотта адвокаттар негізгі дәлелдердің қолдан жасалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АДВОКАТТАРДЫҢ АЙТАРЫ

«Қазселқорғау» ісі бойынша айыпталған Кәрім Көкірекбаев, Әділет Ахатаев және Андрей Поплавскийдің адвокаттары тергеу барысында сот санкциясынсыз жүргізілген барлық тінтулердің, соның ішінде пара ретінде алынған ақшалай қаражатты тәркілеу әрекеттерінің заңсыз екенін мәлімдеді. Осы себепті қорғаушылар бұл дәлелдерді жарамсыз деп тануды талап етті.

Өз уәждерін растау үшін адвокаттар қолтаңба сарапшыларының қорытындыларын ұсынды. Сарапшылардың мәліметіне сәйкес, тергеу-оперативтік топтың жетекшісі Байғарашев қол қойды деп көрсетілген тінту жүргізу туралы қаулылардағы қолтаңбалар оған тиесілі емес, яғни оларды басқа тұлға қойған.

Сонымен қатар, қорғаушылар Байғарашевтың тінту кезінде Алматыда болмағанын дәлелдей алды. Ол сол уақытта оқиға орнынан ондаған шақырым қашықтықтағы Өтеген батыр ауылында болған. Осылайша, қорғаушылар тінтулердің заңсыз жүргізілгенін алға тартып отыр.

ЕСКЕ САЛАЙЫҚ

2022 жылдың желтоқсан айының соңында "ҚР ТЖМ Қазселденқорғау" ММ директоры Кәрім Көкрекбаев ұсталды. Ол BAZIS CONSTRUCTION - INFR филиалының директоры Андрей Поплавскийден шамамен 800 мың доллар көлемінде ірі пара алды деген күдікке ілінген.

Кейін Жамбыл облысының экс әкімі Кәрім Көкірекбаевты алқабилер соты ақтап алған. 

Арада екі аптадан астам уақыт өткенде үкім күшін жойып Көкірекбаев қайтадан қамауға алынған.