Қазақстанның дүкендерінде "Қытайда өндірілген" деген белгісі бар картоп пайда бола бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Не сұмдық мынау? Диқаншылардың есіл еңбектерін неге бағаламаймыз? Елімізге цитрусты (бізде өспейтін) жеміс-жидектен басқасын мүлде кіргізбеу керек. Биліктегілер неге осыны ойламайды? Әлде саналары жетпей ме? Қолына кетпен ұстап, шүмектеп тер төккен адам министр болса дәл мынадай жағдай болмайтын еді! – дейді журналист Нұрсейіт Жылқышыбай.
Оның парақшасында жазбаға пікір қалдырғандар журналистің сөзін қуаттайды.
Бұған дейін қазақстандықтар small супермаркетінде картоп қымбаттап байқаған болатын. Өнімнің килограмы 433 теңгеге жеткен.
Ал Астана супермаркеттерінде картоп сатуға шектеулер енгізілді. Ал жергілікті билік елордада картоп тапшылығы жоқ дейді.